дүйсенбі, 24 ақпан, 2025 7:21

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Астана халықарылық форумын өткізуге 4,5 млрд теңге жеткілікті – Жұманғарин

Астана халықарылық форумын өткізуге 4,5 млрд теңге жеткілікті – Жұманғарин
Фото: primeminister.kz
Бұл туралы сенат брифингінде айтылды.

Премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин сенат брифингінде Астана экономикалық форумын өткізуге 4,5 миллиард теңге жеткілікті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Бұл форумның тарихы 2008 жылдан басталады. Covid-19 кезінде екі жыл қатарынан өткізілмеді, былтыр су тасқынына байланысты тағы бір жылға тоқтатылды. Дегенмен, бұл – Қазақстанның визиттік карточкасы. Мұндай форумдар қажет, өйткені олар елімізге беделді, белсенді және ықпалды адамдарды тартады. Әлемнің түкпір-түкпірінен президенттер, бизнесмендер мен танымал тұлғалар келеді. Бұл – Қазақстанды таныстырудың, инвестиция тартудың мүмкіндігі. Сондықтан неге өткізбеске? Өткіземіз. Әрине, биыл Үкіметтің қаулысымен қаражат жетпесе, бюджеттен бөлу қарастырылуы мүмкін. Алайда маған берілген тапсырма – демеушілер есебінен қаржы табу. Егер мүмкіндік болса, бюджеттен мүлде қаражат бөлінбейді, - дейді Серік Жұманғарин.

Оның айтуынша, Астана халықарылық форумын өткізуге 4,5 млрд теңге жеткілікті.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар