Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Қойгелдиев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін кулуарда Дубайда мүлкі бар шенеуніктер туралы айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Ол барлық ақпаратты ашып айта алмайтынын жеткізді. Дегенмен Біріккен Араб әмірлігімен бірлесіп жұмыс істеп жатқандарын жеткізді.
«Мен қазір барлық ақпаратты толық аша алмаймын. Біріккен Араб Әмірліктерімен жұмыс жүріп жатыр. Бұл жұмыс жалғасады. Мен сізге бір нәрсені айтайын – миллиондарды жымқырып, елден кеткен адамдар үнемі іздеуде болады. Біз бақылауды күндіз-түні жүргіземіз. Кейде бұл жылдарға созылады»,- деді Ғалымжан Қойгелдиев .
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.