Балаға интернетте не істеуге болмайтынын түсіндіру қажет – Динара Зәкиева
- авторОймақ
- 27 қыркүйек, 2024
- 81
Бұл туралы Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Жеке мәліметтерді бөлісуге – үй мекенжайы, телефон нөмірі, отбасы туралы мәліметтер, геолокация
Telegram, ВКонтакте, TikTok – тағы қауіпті топтарға қосылуға – Синий кит, Тихий дом, Разбуди меня в 4.20, Млечный путь, Море китов, U19, F57, беги или умри, Киты плывут вверх, f58, Рина, Ня.пока, 50 дней до моего…, Красный дельфин, Союз нервных клеток, Honey moon, Союз Ян и др.
+16, +18 жазбалары бар әдебиеттерді оқуға – Цветы пиона на снегу, Сплетни и К-РОР, Пока не погаснет последний фонарь, Единственный конец злодейки – смерть, Начало после конца, Хаски и его учитель белый кот, Магистр дьявольского культа, Злодейский путь және т. б.
Қауіпті онлайн ойындар ойнауға – Schoolboy run away – stealth, GachaLife және т.б.
Ата-ана бақылауының параметрлерін пайдаланыңыз. Мысалы, Family Link (Android), Screen Time (iOS)
Баланың әлеуметтік желілердегі достары мен жазылымдарының тізімін бақылаңыз.
Мыналарға көңіл бөліңіз – анонимді профильдер немесе ерекше әліпбилер мен таңбалардан тұратын мәтіндері бар профильдер
Балаңыздан қандай ойындар ойнайтынын, қандай кітаптар оқитынын және қандай музыка тыңдайтынын сұраңыз. Сол материалдарды зерттеп, баламен ықтимал қауіптерді талқылаңыз.
Бала ерте ұйықтаса да, ұйқысы қанбайды;
Денесінде түсініксіз кесілген, көгерген немесе басқа жаралардың пайда болуы;
Көңілсіз музыка тыңдау, депрессиялық немесе агрессивті сюжеттері бар бейнелерді көру;
Оқшаулану, агрессия, жақындарымен қарым-қатынастан бас тарту;
Бала мағынасы түсініксіз қорқынышты символдардың немесе белгілердің суретін салады.
Балаға қалай көмек көрсету қажет?
Баланың эмоционалды жағдайы мен мінез-құлқын мұқият қадағалаңыз
Балаңызбен үнемі сөйлесіңіз, оның өмірі мен уайым-қайғысына қызығушылық танытыңыз.
Бала сізге кез келген уақытта келіп, өз ойларын бөлісе алатынын сезінуі керек.
Қайда жүгіну керек?
мектептің педагог-психологына;
мектептегі Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығына;
Балаларды психологиялық қолдау орталығына;
Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілге;
«111» нөміріне – тәулік бойы, тегін, балаларға арналған байланыс орталығы.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.