«Дабыл қағатын кез келді»: Жаңа адамдар Каспийді қорғауға шақырады.
- авторОймақ
- 27 қыркүйек, 2024
- 88
Каспий теңізі – Қазақстанның басты мұраларының бірі, және біз оны жоғалтудамыз! Кен өндіру нәтижесіндегі табиғи аумақтың ластануы бірегей балықтар мен жануарлардың қырылуына әкелуде, олардың кейбір түрлеріне жойылу қаупі төніп тұр. Миллиондаған итбалықтар кезінде Каспийді өз қоныстары ретінде санады. Мамандардың мәліметтері бойынша, қазір олардың саны 60 мыңнан аспайды. Жыл сайын теңізге 200 мың тонна мұнай мен 100 миллион текше метрден астам тазартылмаған ағынды сулар құйылады. Лас сулар мен мұнай өнімдері қазірдің өзінде теңізді жұқпалы аурулардың ошағына айналдырды.
Біз өз қолымызбен өңіріміздің мақтанышы, інжу-маржаны Каспийді құртып жатырмыз. Өзіміз келешек апатқа назар аударуды доғардық. Бұл тек Қазақстан туралы емес. Жауапкершілік теңізге шыға алатын барлық елдерге жүктеледі. Каспийдің жағдайы жағалауында орналасқан барлық бес елдің шұғыл назар аударуын талап етеді. Табиғат беретін SOS дабылдарын елемей жүре беруге болмайды.
Дабыл соғатын кез келді! Халықаралық теңіз күнінде Астанада, Жаңа адамдар Каспий теңізіне шыға алатын елдердің елшіліктері маңында, су қоймасының апатты жағдайын еске салатын 4 метрлік арт-нысандарын орнатты. Әрбір нысанға, Каспий теңізін сақтау тақырыбы маңызды деп санайтын адамдар қаға алатын, «дабыл» бекітілген. Науқанға Астана тұрғындары белсене қатысты. Күні бойы елшілік өкілдері үшін дабыл қағылды.
Жаңа адамдар Әзербайжан, Иран, Түрікменстан, Ресей және Қазақстан тұрғындарына жолдау жасайды. Біз күш-жігерімізді біріктіруге шақырамыз, өйткені Каспий – біздің ортақ мұрамыз. Саясаткерлер, кәсіпкерлер, ірі мұнай корпорациялары, ғалымдар, экологтар, қарапайым халық - бәрі бірге бұл мәселені шешумен айналысуы керек. Қаншалықты тезірек болса, соншалықты жақсырақ.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.