Шымкентте азаматтық некедегі әйелін ұрып-соғып, жағын сындырған жігітке үкім шықты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
2024 жылғы 1 мамыр кешкі уақытта сотталушы О. мен оның азаматтық жұбайы С. арасында жанжал туындап, оның барысында сотталушы жәбірленушіні бірнеше рет беттен ұрып, төменгі жақ сүйегін сындырып жіберген.
Прокурор С.-ға 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, азаматтық талапты қанағаттандыруды өтінді. Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындап, өзін ақтауды сұрады.
Сот О.-ны кінәлі деп танып, оған 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Азаматтық талап ішінара қанағаттандырылды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Гонконгтағы өрт 100 адамның өмірін жалмады
Ұқсас жаңалықтар
Талдықорғанда Айзат Жұманованың қазасына байланысты алдын ала тыңдау өтті
- авторОймақ
- 27 қараша, 2025





