бейсенбі, 27 қараша, 2025 16:33

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Сәлем салмағаны үшін соттан бір-ақ шықты

Сәлем салмағаны үшін соттан бір-ақ шықты
istockphoto.com
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Жуалы аудандық соты ӘҚБтК 73-бабының 1-бөлігі (отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы былапыт сөздер) бойынша азамат Т.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Мейрамханадағы үйлену тойы кезінде Т. жұбайынан ежелгі қазақ дәстүрі бойынша үлкен әпкесіне сәлем салуды өтінген, ал әйелі өз кезегінде өтінішті орындаудан бас тартқан. Әрі қарай, олар үйге оралған соң, азамат Т. әйелінің мінез-құлқына наразылығын білдіріп, оған қатысты былапыт сөздер айтқан.

Сотта құқықбұзушы Т. өзінің кінәсін толық мойындап, әйелінен шын жүректен кешірім сұрап және тараптардың медиация тәртібімен татуласқанына байланысты соттан іс бойынша өндірісті тоқтатуды сұрады.

Жәбірленуші күйеуі қайын енесіне қоңырау шалып, қызы мен немерелерін қайтарып алып кетуді дөрекі түрде талап еткенін түсіндірді. Сондай-ақ ол да татуласуға байланысты іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.

Сот қаулысымен іс бойынша іс жүргізу тараптардың медиация тәртібімен татуласқанына байланысты тоқтатылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар