Талдықорғанда Айзат Жұманованың қазасына байланысты алдын ала тыңдау өтті
- авторОймақ
- Бүгін, 13:54
- 11
Талдықорғанда Айзат Жұманованың қаза болуына қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау өтті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Алдын ала тыңдау барысында прокурор айыптау актісін оқыды. Ал сот келесі сот отырысының тәртібі мен уақытын – 5 желтоқсан деп белгіледі.
Еске салайық, Жетісу облысы, Ақсу ауданына қарасты Баласаз ауылында қоғамда кең резонанс тудырған аса ауыр қылмыс орын алған еді.
32 жастағы Айзат Жұманова көптеген жарақаттардан көз жұмды. Туыстарының айтуынша, бұл жарақаттар оған ұзақ уақыт бойы жасалған азаптаулардың салдарынан болған.
Оны өлтірді деген күдік оның күйеуі — Айбар Жанболатқа тағылып отыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Сәлем салмағаны үшін соттан бір-ақ шықты
Ұқсас жаңалықтар
"Айканың тізімі": блогер Айканың жазасын өтеуді екі жылға шегерді
- авторОймақ
- 25 қараша, 2025





