сәрсенбі, 4 қараша, 2026 21:43

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

БҚО-да көлік нөмірін жасырып жүрген жүргізуші анықталды

БҚО-да көлік нөмірін жасырып жүрген жүргізуші анықталды
polisia.kz
Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

2 қарашада сағат 00:48 шамасында "Озинки – Орал" автожолында БҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол қозғалысы қағидаларын бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтін "Zerek" аппараттық-бағдарламалық кешенінің көмегімен Toyota Hiace автокөлігін анықтады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

Тексеру барысында жүргізушінің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілеріне әріптік және цифрлық таңбаларды анықтауды қиындататын арнайы пленка жапсырғаны белгілі болды. Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Аталған құқық бұзушылық үшін бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу және бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Полиция  мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін жасыру немесе өзгерту заңнама талаптарын бұзу болып табылатынын және заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар