сәрсенбі, 4 қараша, 2026 14:26

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жаңбыр, жел, тұман: Қазгидромет ауа райы болжамын жариялады

Жаңбыр, жел, тұман: Қазгидромет ауа райы болжамын жариялады
Фото: Pixabay.com
Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2026 жылғы 5-7 қарашаға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz

«Жауын-шашынсыз ауа райын сақтап тұрған антициклон Қазақстан аумағынан жылжып кетеді. Оның орнына солтүстік циклонның терең ойысы келеді. Алдағы үш күнде ол алдымен еліміздің батысында, кейін басқа өңірлерде ауа райының нашарлауына әкеледі. Жаңбыр жауады. Солтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түсіп, көктайғақ құбылыстары болжанады. 5-6 қарашада республиканың батысы мен солтүстік-батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), ал 6 қарашада оңтүстік және орталық өңірлерде қатты жаңбыр күтіледі. Еліміздің барлық аумағында жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта тұман түседі», – делінген хабарламада.

Ауа температурасына келсек, батыста түнде 0...+7 °C, күндіз +3...+14 °C болады. Солтүстік-батыста түнде -1...-8 °C, күндіз +1...+15 °C аралығында сақталады.

Солтүстік және орталық өңірлерде түнгі ауа температурасы -3...-8 °C-тан +1...+6 °C-қа дейін жоғарылайды. Күндіз +5...+13 °C-тан +1...+10 °C-қа дейін төмендейді.

Еліміздің шығысында түнгі температура -3...-8 °C-тан 0...+5 °C-қа дейін жоғарылап, күндіз +3...+8 °C-тан +7...+12 °C-қа дейін көтеріледі.

Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар