сәрсенбі, 4 қараша, 2026 21:42

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Отандық көліктің бағасы төмендейді

Отандық көліктің бағасы төмендейді
Forbes.kz
Бұл жөнінде Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді.

Қазақстанда отандық өндірістен шыққан автомобильдердің бағасы төмендеуі мүмкін. Бұл жөнінде Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді, деп хабарлайдыQaz365.kz.

Министрдің айтуынша, елімізде көлік өндірісі жыл сайын артып келеді. Егер 2025 жылы конвейерден 171 мың автокөлік шықса, 2026 жылы бұл көрсеткішті 191 мыңға жеткізу жоспарланып отыр. Өндіріс көлемінің артуы нарықтағы бағаға да оң ықпалын тигізуде.

Ведомство басшысы соңғы айларда Қазақстанда құрастырылған көліктердің құны шамамен 11 пайызға төмендегенін атап өтті. Бұдан бөлек, автосалондарда түрлі акциялар мен жеңілдіктер жүріп жатыр.

«Жалпы, бізде Қазақстанда өндірілген автомобильдердің құны төмендеп жатыр. Мен бағаның түсіп жатқанын көріп отырмын. Жыл соңы жақындаған сайын биыл шыққан модельдер ескіретінін жақсы білесіздер. Адамдар 2027 жылғы көліктерді сатып алуға тырысады. Қазір қараша, желтоқсан айлары, жеңілдіктер болатыны түсінікті. Меніңше, бағалар төмендейді», – деді Ерсайын Нағаспаев.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар