"Досымның беретін өзім берем": ауруханада жатқан сарбаздың фотосы тарады
- авторОймақ
- Бүгін, 09:16
- 20
Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде аман қалған Темірхан Ақжол Тимурұлының ауруханада жатқан фотосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрда сарбаздың қаза тапқан қарулас досының беретін қолынан жібермей ұстап жатқаны көрінеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Фотоны әлеуметтік желіде Бибігүл Рамазан бөлісті. Ол тірі қалған сарбаздың анасының жазбасын жариялап, Ақжолдың қолындағы берет қаза тапқан Мәдіхан Азамат Болатбекұлына тиесілі екенін жазған.
«Мына тірі қалған сарбаздың мамасы жазыпты. Баламның жағдайы жақсы депті. Қолындағы Азаматтың береткасын өзім берем деген, яғни Азаматтың қайтыс болғанын білмейді», – деп жазды Бибігүл Рамазан.
Жарияланған суретте ауруханада жатқан сарбаздың қолынан беретканы жібермей ұстап жатқаны көрінеді. Фотоға:
«Азамат досымдыкі, өзім берем деп қолынан жібермейді. Бейбіт заманда Отан алдындағы борышын өтеп жүрген қаршадай жігіттер бақилық болып кетті. Ажал аяқ асты, бір сәтте…» – деген жазба қоса берілген.

Қорғаныс министрлігі жариялаған ресми тізімде Мәдіхан Азамат Болатбекұлы Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан мерзімді әскери қызметтегі матростардың қатарында көрсетілген.
Ал Темірхан Ақжол Тимурұлы 2007 жылғы 11 тамызда туған, Жаңаөзен қаласының тұрғыны. Ол қазір Маңғыстау облыстық ауруханасында ауыр жағдайда жатыр.
Айта кетейік, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде ауа райы күрт нашарлап, әскери қызметшілерді теңізге ағызып әкеткен. Оқиға салдарынан қаза тапқандар бар, іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Каспийдегі тоғыз сарбаздың қазасы: Қорғаныс министрлігі ресми мәлімдеме жасады
- авторОймақ
- 24 қыркүйек, 2026





