дүйсенбі, 14 қыркүйек, 2026 13:48

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Шәкір Кейкин Атырау қаласы әкімі лауазымынан кетті

Шәкір Кейкин Атырау қаласы әкімі лауазымынан кетті
gov.kz
Бұл ақпаратты Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі растады

Шәкір Кейкин Атырау қаласының әкімі лауазымынан өз еркімен арыз жазып, қызметінен кетті. Бұл ақпаратты Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Шаһарды 2023 жылдың шілде айынан бері басқарып келген Шәкір Кейкиннің орнына кімнің тағайындалатыны әзірге белгісіз. Оның қызметтен кетуі қала басшылығының айналасындағы бірнеше даулы оқиғалар аясында орын алды.

Соңғы айларда Атырау тұрғындары ауа сапасының нашарлауына жиі шағымданған еді. Сонымен қатар, жаз айларында әкімнің орынбасары Мейіржан Мұқасов пен әкімнің міндетін атқарушы Тілек Махуовтың ұсталғаны белгілі болған. Қазіргі таңда бұл эпизодтар бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Айта кетейік, аталған қылмыстық істерде Шәкір Кейкин күдікті ретінде тіркелген жоқ.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар