30 қазанда Қазақстанның солтүстігі, шығысы, оңтүстігі мен орталығында жаңбыр мен қар жауады. Шығыста жауын-шашын мол түсіп, солтүстік және шығыс өңірлерде көктайғақ болады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.
Синоптиктердің болжамынша, түнде оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қар жауады. Елдің қалған бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашын күтілмейді. Бірқатар өңірде тұман түсіп, жел күшейеді.
Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарында, Түркістан облысының батысында, Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында 1–9 градус үсік жүреді.
Сондай-ақ Ұлытау облысының батысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





