Құрылтай депутаттары тек республикалық бюджетті қарап, мақұлдап қана қалмастан, өңірлермен байланысты күшейтуге, ірі бизнесті анықтау талаптарын қайта қарастыруға, тарихи деректердің бұрмалануға жол бермеге үлкен мән беруде, Құрылтай отырыстарынан ұлттық өнерге жаңа марапаттар енгізу туралы жаңа серпінді мәселелер көрініс табуда. Бұл көтеріліп жатқан мәселелердің бір шеті ғана.
Осындай ауқымды реформалардың куәсі барша халық биылғы Президент Жолдауын асыға күтті. Халық алдымен елдің әл аухатын көтеру мәселесін ең бірінші болып күтетіні белгілі. Бұл жөнінде Президент 2027 жылдың қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеруді Үкіметке тапсыратынын айтты.
Сонымен қатар, келесі жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынып, "Халықтық құрылыс" бағдарламасын жүзеге асыру қажеттігін, осылайша жүз мыңдаған адам жұмыспен қамтылатынын, 70 ке жуық денсаулық нысандары, 50 ге жуық білім беру нысандарын салу, елімізде 237 мыңнан астам ерекше қажеттілігі бар балалар бар оларға арнап оңалту орталықтарын салуды бастау қажеттігіне тоқталды. Бұл бағдарлама азаматтардың әл-ауқатын арттыруға,кәсіпкерліктің қарыштап дамуына әсер ететін бұрын соңды болмаған ең үлкен инфрақұрылымдық жоба болатыны сөзсіз.
Ең бастысы Президент Жаңа Әдеп қағидаттарын әзірлеу, мемлекеттік басқару жүйесін реформалау, ұлттық ақпараттық жүйені, инвестицияны бір орталықтан басқару жүйелендіру мәселелеріне тоқтай келе, сананы жаңғырту арқылы ғана жетістікке жететінімізге,бұл тұста заңға құрметпен қарап, ар алдында Адал азамат отаншылдығымыз үстем болу қажеттігіне тоқталды.
Мемлекет басшысының білім мен ғылыммен қаруланған, экономикасы мықты,жоғары технологиясымен ерекшеленетін, заңның үстемдігін мойындайтын, геосаяси жағдайы тұрақты өзге елдер арасында ықпалды жаңарған мемлекетті ұрпаққа аманат етіп қалдыру ойы Жолдаудың кілті. Ал, қоғамды серпілтетін жаңғыру атаулы ешқашан да адалдықты аттап кете алмайды, адалдықтың туы әрқашан биік.
Қалыйма Жантөреева
Әділет партиясы Түркістан облыстық филалы
төрағасының орынбасары
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






