дүйсенбі, 14 қыркүйек, 2026 13:48

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Астана жылу маусымына дайын

Астана жылу маусымына дайын
Жылу көздерін жаңғырту және жаңа нысандар салу жобалары жүзеге асырылып жатыр,

Астана қаласында қысқы жылыту маусымына қажетті жылу қуатының резерві дайын. Елордада қолданыстағы жылумен жабдықтау нысандарын қысқа дайындау жұмыстары аяқталып келеді. Сонымен қатар жылу көздерін жаңғырту және жаңа нысандар салу жобалары жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгінде елорданың орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне бес негізгі энергия көзі кіреді. Олар – ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЖЭО-3, «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциялары.Жылу қуатының резерві алдағы жылыту кезеңінде қаланың қажеттілігін қамтамасыз етуге және жүктеме артқан жағдайда қосымша қор қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Астана тұрғындарының өсуі мен қаланың қарқынды дамуын ескере отырып, жылу қуатын арттыру жұмысын жалғастырып жатыр.

Қазір ЖЭО-3-тің көмірмен жұмыс істейтін бөлігінің құрылысы, сондай-ақ ЖЭО-2 су жылыту қазандығын кеңейту және қайта жаңарту жұмысы жалғасып жатыр. Бұл жоба аясында №7 және №8 қазандықтар орнатылады.

Жаңа негізгі нысандардың бірі – қуаты сағатына 620 Гкал болатын «Телман» газ жылу станциясы. Оны биыл пайдалануға беру жоспарланған. Жаңа жылу көзі жылу қуатының резервін одан әрі арттырып, елорданы жылумен жабдықтау жүйесінің сенімділігін күшейтеді.

Осылайша, Астанада қысқы жылыту маусымына қажетті жылу қуатының резерві дайын, алдағы кезеңге қосымша резервтер қалыптастыру жұмысын қатар жүргізіп жатыр. Бұл қолданыстағы тұрғын үй құрылыстарын, сондай-ақ елорданың даму қарқынына қарай жаңадан бой көтеріп жатқан аудандарды тұрақты әрі сенімді жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар