Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өнер және қоғам қайраткері Бекболат Тілеуханды мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы Тілеухан Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы құттықтау хатында Бекболат Тілеуханның өнер мен қоғам саласындағы еңбегіне тоқталып, оның дәстүрлі халық әндері мен танымал композиторлардың туындыларын орындаудағы шеберлігін атап өткен.
«Әсіресе, ұлтымыздың тарихи жадын жаңғыртқан жыр-толғауларды жаңаша мәнерде шырқап, талғампаз көрерменнің ыстық ықыласына ие болдыңыз», – делінген Президент құттықтауында.
Тоқаев алдағы уақытта да өнер иесінің ұлттық руханиятты ұлықтап, елдің қошеметіне бөлене беруіне тілектестік білдіріп, денсаулық пен шығармашылық табыс тілеген.
Бекболат Тілеухан Президенттің құттықтауына алғыс айтты.
«Сенім үдесінен шығуға күш саламын», – деп жазды Тілеухан.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






