сенбі, 8 тамыз, 2026 12:10

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Түркістандықтар жылқышыға ерекше сый жасады

Түркістандықтар жылқышыға ерекше сый жасады
Коллаж: Arasha.kz
Олар қарияға құлынды бие тарту еткен.

Ақтөбеде 33 жыл жылқы бағып, 100 жылқы ұрлады деген айыппен сотталған, кейін рақымшылыққа іліккен жылқышы Рахат Сәрсеновке Түркістан азаматтары ерекше сый жасады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Arasha.kz.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, түркістандықтар жылқышы қарияға құлынды бие тарту еткен. Осылайша, елдің қолдауына ие болған Рахат Сәрсеновке азаматтар құрметін білдіріп, қазақы дәстүрмен жылқы сыйлаған.

Рахат Сәрсенов бұған дейін ұзақ жыл бойы жылқы бағып келген. Ол 100 жылқы ұрлады деген айыппен сотталып, біраз уақыт қамауда болған. Кейін апелляциялық сот шешімімен ақталып, сот залынан босап шыққан. 

Жылқышының оқиғасы қоғамда кең талқыланып, оған жан-жақтан қолдау білдірген азаматтар көбейген. Бұған дейін кәсіпкерлердің оған және отбасына көмек көрсеткені, тіпті баспана сыйлағаны айтылды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар