сәрсенбі, 5 тамыз, 2026 10:46

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматылық блогерге діни контент таратқаны үшін айыппұл салынды

Алматылық блогерге діни контент таратқаны үшін айыппұл салынды
Фото: ЖИ
Алматыда діни контент таратқан блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Істің мән-жайын қалалық Дін істері жөніндегі басқарма өкілдері айтты

Бұл заң бұзушылықты Алматы қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы мониторинг жүргізу барысында анықтады.

Осыған байланысты 24 шілдеде азаматқа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабы 1-тармағының 3-тармақшасы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Басқарма мәліметінше, әкімшілік іс жүргізу барысында азамат өз кінәсін толық мойындады. Нәтижесінде іс қысқартылған тәртіппен қаралып, оған әкімшілік айыппұл салынды.

Айта кету керек, бұған дейін аталған блогер сән көрсетілімі кезінде подиумға шыққан қыз балалар туралы жариялаған бейнеүндеуінен кейін қоғам назарын аударған. Ол балалардың мұндай іс-шараларға қатысуын діни тұрғыдан сынға алған. Аталған видео қоғамда түрлі пікірталас туғызды.

Алматы қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы азаматтарды діни қызмет саласындағы заңнама талаптарын сақтауға шақырады.

Басқарма мамандарының айтуынша, "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де материалдарды таратуға тек заңнамада белгіленген орындарда ғана жол беріледі.

Атап айтқанда мұндай материалдарды ғибадат үйлерінде (ғимараттарында) діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ орналасқан жерлерін жергілікті атқарушы органдар айқындайтын арнайы стационарлық үй-жайларда таратуға болады.

Заң талаптарын бұзғандар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар