Тағы бір ел 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерде тіркелуге тыйым салды
- авторОймақ
- Бүгін, 11:07
- 152
Пайдаланушылардың жасын банк картасы, электрондық пошта және телефон нөмірі арқылы растау жоспарланып отыр. Ұсынылған мәліметтердің дұрыстығына интернет-провайдерлер жауапты болады.
Ал 16 мен 18 жас аралығындағы пайдаланушылар әлеуметтік желіге тіркелу үшін заңды өкілінің келісімін алуы тиіс.
Еске салайық, Австралия 2025 жылғы 10 желтоқсаннан бастап балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желілерге қол жеткізуіне тыйым салған әлемдегі алғашқы ел болды. БАҚ мәліметінше, шектеу шамамен 10 платформаға қатысты енгізілген. Олардың қатарында Facebook, Instagram, Snapchat, Threads, TikTok, X, YouTube, Reddit, Kick және Twitch бар. Ал YouTube Kids, Google Classroom және WhatsApp бұл тізімге енгізілмеген.
Осыдан кейін осындай шектеулерді Франция, Түркия, Норвегия, Испания және басқа да елдер әзірлей бастады.
Қазақстанда да 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына шектеу енгізу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда бұл норма Үкіметте талқылануда. Бұған дейін журналистерге Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов тиісті түзетулер топтамасы әзірленгенін мәлімдеген болатын. Оның ішінде балалардың онлайн-платформаларға қолжетімділігін шектеуді көздейтін нормалар да бар.
Вице-министрдің айтуынша, әлеуметтік желілерді шектеу туралы бұл норма – қазіргі әлемдік үрдіске сай бастама. Ол осыған байланысты Австралия тәжірибесін мысалға келтірді. Сонымен қатар, шенеунік қазақстандық әзірлеушілер әзірге әлеуметтік желілерге қатысты шектеу дәл 16 жасқа дейінгі балаларға енгізілуі керек деген ұстанымды қолдайтынын атап өтті. Дайын заң жобасын Қазақстанның жаңа Парламенті – Құрылтай қарайды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






