сәрсенбі, 1 шілде, 2026 14:44

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

SHEIN Қазақстанда Jana Post-пен серіктестік орнатты

SHEIN Қазақстанда Jana Post-пен серіктестік орнатты
Фото: stan.kz
Қазақстандық логистикалық компания Jana Post қытайлық SHEIN маркетплейсінің еліміздегі ресми логистикалық серіктесі атанды. Енді онлайн платформаның қолданушылары толыққанды логистикалық қызметке қол жеткізе алады.

SHEIN - әлемге танымал fashion және lifestyle бағытындағы маркетплейс. Онда ересектер мен балаларға арналған киім-кешек, әшекей бұйымдары, сән тауарлары, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ заттар ұсынылған. Тұтынушылардың арасындағы ең сұранысқа ие санаттардың бірі - fast fashion бағытындағы киімдер. Бұған сән үлгілерінің көптігі, ассортименттің жиі жаңарып отыруы және бағасының қолжетімді болуы себеп. Сондықтан онлайн-платформа жастар мен сән трендтерін ұстанатын тұтынушылар арасында танымал.

Соңғы жылдары маркетплейс халықаралық нарықтарда, әсіресе Еуропа, АҚШ, Таяу Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде қарқынды дамып келеді.

Jana Post тек логистикалық қызмет көрсетіп қана қоймай, платформа мен қазақстандық тұтынушыларды байланыстыратын маңызды буынға айналды. Енді пайдаланушылар маркетплейске қазақстандық телефон нөмірі немесе электрондық пошта арқылы оңай тіркеле алады. Ол үшін қосымша күрделі рәсімдерден өтудің қажеті жоқ.

Ал сатып алу ыңғайлы болу үшін Jana Post қосымшасында алғашқы тапсырыс беру, онлайн сауда алаңының мүмкіндігін пайдалану туралы сабақтар мен платформадағы жеңілдіктер, акциялар туралы ақпараттар бар.

Jana Post арқылы рәсімделген тапсырыстар бірыңғай трансшекаралық жеткізу жүйесі арқылы, тапсырыс берілген елге байланысты, 12-21 күн ішінде жеткізіледі. Жеткізу мерзімі тапсырыстың өңделуіне, халықаралық тасымалға, кедендік рәсімдеуге, жеткізілетін қаласына, тапсырысты беру пунктінің жұмыс кестесіне және мереке күндеріне байланысты өзгеруі мүмкін.

Айта кетейік, Jana Post - трансшекаралық және e-commerce жеткізу саласында жұмыс істейтін цифрлық логистикалық компания. Компанияның бірыңғай экожүйесі Қытайдан Орталық Азия елдеріне тауарларды сапалы әрі жедел жеткізуді қамтамасыз етеді.

Компанияның логистикалық желісі Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Моңғолия аумағындағы шамамен 2000 тапсырыс беру және алу пунктін қамтиды. Jana Post құрамында 5 заманауи сұрыптау орталығы және Орталық Азиядағы 3 өңірлік cross-dock орталығы жұмыс істейді. Сұрыптау орталықтары Алматы, Ташкент, Бішкек, Душанбе және Иу (ҚХР) қалаларында орналасқан.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар