Ресейдің Кемеров облысында Ан-12 әскери ұшағы апатқа ұшырап, 19 адам қаза тапты. Бұл ақпаратты Ресей қорғаныс министрлігі растады, деп хабарлайды Qaz365.kz порталына сілтеме жасап Oimaqnews.kz.
Ведомство мәліметінше, апат сейсенбі күні жоспарлы ұшу кезінде болған. Әскери ұшақ елді мекендерден тыс, адам тұрмайтын аумаққа құлаған.
Ресей қорғаныс министрлігі апатқа техникалық ақау себеп болғанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін апат орнына Ресейдің әуе-ғарыш күштерінің арнайы комиссиясы жіберілген.
Кемеров облысының басшысы Илья Середюк апат орнына барған. Оның айтуынша, құлаған ұшақ өңір аумағы арқылы транзитпен ұшып бара жатқан.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





