жұма, 19 маусым, 2026 17:16

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

«ҚазАвтоЖол»: тұрмыстық қалдықтар көлемі азаймай тұр

«ҚазАвтоЖол»: тұрмыстық қалдықтар көлемі азаймай тұр
видео скрин
Жыл сайын жол бойындағы тазалықты қамтамасыз етуге шамамен 1 миллиард теңге жұмсалады.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар жолдардың бойында түсірілген бейнекадрларды жариялады. Онда қоқысқа толған жол жиегі, ластанған демалыс орындары және талапқа сай пайдаланылмай жатқан әжетханалар, және қоқыс тастаған адамдар мен далада дәрет сындырған азамат көрсетілген, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Компания мәліметіне зер салсақ, жыл сайын жол бойындағы тазалықты қамтамасыз етуге шамамен 1 миллиард теңге жұмсалады. Бұл қаражат жаңа жол салуға немесе сервисті жақсартуға емес, демалушылар мен жол пайдаланушылар қалдырып кеткен қоқысты жинауға кетеді.

Жол қызметкерлері күн сайын жол жиектерін, санитарлық тораптарды және демалыс алаңдарын тазалайды. Соған қарамастан, тұрмыстық қалдықтардың көлемі азаймай отыр.

Жарияланған кадрларда кейбір жүргізушілер мен жолаушылардың қоқысты жол бойына тастап кеткені байқалады. Сондай-ақ жол жиегіндегі контейнерлерге құрылыс қалдықтары мен мал өлекселерін тастайтын жағдайлар да кездеседі.

Осыған байланысты компания азаматтарды тазалық сақтауға, қоқысты арнайы орындарға тастауға және қоғамдық мүлікке ұқыппен қарауға шақырды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар