Оқиға 20 сәуір күні сағат 01:00 шамасында орын алған. Қаскөй терезедегі қорғаныс торын шешіп, үй иесінің жатын бөлмесіне кіріп, әйел адамды соққыға жыққан. Күтпеген жерден басталған шабуыл сол сәтте үйде қонақта болған туыстарының араласуымен тоқтатылды.
Зардап шеккен әйел негізінен үйде жалғыз тұратыны, ал балалары тек демалыс күндері келетіні белгілі болды. Қайғылы жағдай орын алған түні үй иесінің қызы мен күйеу баласы қасында қалған. Дәл осы күйеу баласы шабуылдаушыны дер кезінде құрықтап, полиция келгенше ұстап тұрған. Отбасы мүшелері бұған дейін күдіктімен таныс болмағанын, алайда оның туысы көрші тұратынын алға тартуда.
Жәбірленуші тараптың айтуынша, құқық қорғау органдары шақыртуға екі сағатқа жуық уақыт өткенде ғана жеткен. Сонымен қатар, ұсталған азаматтың көп ұзамай босатылуы және істің «ұрлық» бабымен ғана шектелуі туыстарының наразылығын тудырды. Кейінірек күдіктінің бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотты болғаны анықталды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





