дүйсенбі, 27 сәуір, 2026 14:39

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

“Болашақ” бағдарламасы талапқа сай келмегендерге де стипендия берген бе?

“Болашақ” бағдарламасы  талапқа сай келмегендерге де стипендия берген бе?
Фото: egemen.kz
Қазақстанда “Болашақ” халықаралық бағдарламасы аясында бірқатар стипендиялар белгіленген талаптарға сәйкес келмеген үміткерлерге берілген. Бұл туралы Мәжілістегі үкімет сағатында Жоғары аудиторлық палата мүшесі Тілеген Каскин мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz.

Оның айтуынша, соңғы бес жылда еліміздегі жоғары білім беру жүйесіне бөлінетін қаржы көлемі айтарлықтай артқан. Атап айтқанда, шығындар 246 миллиард теңгеден 472 миллиард теңгеге дейін өскен. Студенттер саны 625 мың адамға жетсе, мемлекеттік білім беру тапсырысы 77 мыңнан астам грантты құраған.

Соған қарамастан, жүргізілген мемлекеттік аудит білім беру сапасы, ашықтық және нәтижелілік қаржыландыру көлемінің өсуіне сәйкес келмейтінін көрсеткен.

— Қаржыландыру екі есеге артқанына қарамастан, жүйеде сапалы өзгеріс байқалмайды. Бұл бірқатар жүйелі мәселелермен байланысты,  дейді Тілеген Каскин.

Аталған мәселелердің бірі  Болашақ бағдарламасы аясындағы әкімшілендіру. Аудит деректеріне сүйенсек, 340 үміткерге жалпы сомасы 7,7 миллиард теңге болатын стипендия министрлік шешімімен жеке тәртіпте, белгіленген талаптарға сай келмесе де тағайындалған. Бұған қоса тағы 151 стипендия бекітілген лимиттен тыс берілген. Ал жасанды интеллект бағыты бойынша жоспарланған 54 стипендияның тек 5-еуі ғана нақты берілген. Қалған 49-ы басқа бағыттарға қайта бөлінген.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар