дүйсенбі, 23 қараша, 2026 14:32

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мемлекеттің даму стратегиясын әзірлейтін сарапшылар тобының құрамы бекітілді

Мемлекеттің даму стратегиясын әзірлейтін сарапшылар тобының құрамы бекітілді
Ақорда
Президент тиісті өкімге қол қойды.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобының құрамын бекітті.

Президент тиісті өкімге қол қойды. Сараптама тобы мемлекет басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші орган болады. Оның негізгі міндеттері – елдің ұзақмерзімді дамуына қатысты тұжырымдамалық тәсілдерді әзірлеу, сондай-ақ талдамалық, әлеуметтік және форсайт зерттеулерінің нәтижелерін талқылау.

Топты Қазақстан Республикасының вице-президенті Ерлан Қарин басқарады. Жетекшінің орынбасарлары болып Президент кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев пен Президент Әкімшілігі жанындағы өкіл Аида Балаева бекітілген. Хатшы қызметін Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов атқарады.

Сараптама тобының құрамына Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, мемлекеттік органдар мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының өкілдері, бизнес және қоғамдық сектор мамандары енген.

Олардың қатарында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, құрылтай депутаттары Динара Зәкиева, Қарлығаш Жаманқұлова, Бөріхан Нұрмұхамедов, Айдос Сарым және Марат Шибұтов бар. Сондай-ақ «Қазақтелеком» басшысы Бағдат Мусин, Астана халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұров, EY компаниясының Кавказ және Орталық Азия елдеріндегі басқарушы серіктесі Ерлан Досымбеков, Higgsfield AI негізін қалаушы Ерзат Дулат та топ құрамына кірген.

Сараптама тобының жұмыс органы ретінде Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты белгіленді. Оның отырыстары қажетіне қарай, бірақ кемінде айына бір рет өткізіледі. Жиындарға мемлекеттік органдардың, ғылыми ұйымдардың, сарапшылық қауымдастықтардың, бизнес пен азаматтық қоғамның өкілдері де қатыса алады.

Өкімнің толық мәтіні мен сараптама тобы мүшелерінің тізімі Ақорда сайтында жарияланған. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар