сәрсенбі, 11 наурыз, 2026 16:29

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

FlyArystan Дубайға рейстерді уақытша тоқтатты

FlyArystan Дубайға рейстерді уақытша тоқтатты
Фото: flyarystan.com
Билет құнын айыппұлсыз толық қайтарып ала алады.

FlyArystan әуе компаниясы Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша рейстерді уақытша тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Мұндай шешім Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға және өңірде ұшуға қойылған шектеулерге байланысты қабылданған. Компания бұл шешім жолаушылар мен экипаж қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданғанын атап өтті.

Рейстер 31 наурызға дейін тоқтатылды. Бұған дейін бұл бағыттағы рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалатын.

Рейстері тоқтатылған жолаушылар:

билет құнын айыппұлсыз толық қайтарып ала алады;

билетті кейінгі күнге тегін қайта брондай алады.

Ол үшін билетті сатып алған жерге жүгіну қажет.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар