сәрсенбі, 11 наурыз, 2026 18:05

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мөлдір Әуелбекова 10 жылдан кейін бұрынғы күйеуін кешіргенін айтты

Мөлдір Әуелбекова 10 жылдан кейін бұрынғы күйеуін кешіргенін айтты
Фото: жеке парақшасынан
Танымал әнші, “КешYOU” тобының экс-солисі Мөлдір Әуелбекова жеке өміріне қатысты жаңалықты бөлісті.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, бұрынғы жұбайы Арыстанмен қарым-қатынасына тоқталды. Әнші екі ай бұрын экс-күйеуі алимент төлеуі үшін өтініш берген. Ал күні кеше ұлының әкесі байланысқа шығып, өткен оқиғалар үшін кешірім сұраған. 

“Махаббат…Екі ай бұрын Арыстанды алиментке бердім. Ал бүгін, ол маған өзі хабарласып, өткен кеткенге кешірім сұрап, балаға әке ретінде қамқор боламын деді… Толық шығындарын өз мойнына алатынын айтып, алименттен алып тастауымды өтінді…” – деп жазды ол.

Әнші бұрынғы күйеуін ұлы үшін кешіргенін айтты. Осылайша, олар жақсы ата-ана болуға тырысамыз деген шешімге келген. 

“Кештім… Алла үшін… Ұлым үшін… 10 жылға созылған тұман сейілсін… Жақсы ата-ана болуға тырысамыз деп шештік. Өмірімнің әрбір сәтін менімен өткеріп жүрген тілеулестерім - сіздерге рақмет!” – деп жазды ол.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар