Saginov technical university түркиялық серіктеспен инженерлік кадрлар даярлау бойынша ынтымақтастық орнатты
- авторОймақ
- Бүгін, 16:58
- 36
Форум әлемнің 40 елінен 500-ден астам инвестор мен бизнес өкілін біріктіріп, жаңа өндірістерді дамыту, озық технологиялар тарту және халықаралық экономикалық әріптестікті нығайту мәселелеріне арналды.
Ынтымақтастық Қарағанды облысында жоспарланған жаңа өнеркәсіптік жобамен байланысты. Түркияның Gedik Holding өнеркәсіптік тобы «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында құбыржол арматурасы мен дәнекерлеу өнімдерін шығаратын зауыт салу жобасын пысықтауда. Болашақ кәсіпорынға білікті инженерлік-техникалық мамандар даярлау үшін компания Қарағанды өңірінің өнеркәсіп саласына кадрлар даярлайтын Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетімен серіктестік орнатуға бастамашы болды.
Gedik Holding компаниясымен байланысты İstanbul Gedik Üniversitesi өнеркәсіп саласына мамандар даярлау тәжірибесіне ие. Екі университеттің ынтымақтастығы инженерлік білім беруді өндірістің нақты сұраныстарымен ұштастыруға бағытталған.
Меморандумға университет атынан Басқарма мүшесі – Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Тимур Қанапиянов, түрік тарапынан İstanbul Gedik Üniversitesi Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Хюлия Гедик (Hülya Gedik) қол қойды.
_1792670377.jpeg)
Келісім аясында металл өңдеу, дәнекерлеу технологиялары және өнеркәсіптік жабдықтарды пайдалану бағыттарында мамандар даярлау, білім беру бағдарламаларын өндіріс талаптарына бейімдеу, студенттердің өндірістік практикасы мен тағылымдамаларын ұйымдастыру мүмкіндіктері қарастырылады. Сонымен қатар академиялық ұтқырлықты дамыту, оқытушылар мен зерттеушілер арасында тәжірибе алмасу, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және білім беру жобаларын жүзеге асыру көзделген.
Форум жұмысына университеттің Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор, Тағайындаулар және сыйақылар комитетінің төрағасы Ерлан Оспанов та қатысты. Ол «Сары-Арқа әуежайы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы ретінде «Қазақстанның жаңа логистикалық экономикасы: транзиттік бағыттан инвестициялық және өнеркәсіптік дәліз» тақырыбындағы II панельдік сессияда сөз сөйледі. Сессияда еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру, транзиттік инфрақұрылымды дамыту және халықаралық инвестициялық байланыстарды кеңейту мәселелері талқыланды.
KGIR 2026 аясында қол қойылған меморандум Қазақстан мен Түркия арасындағы ғылыми-білім беру және өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамытуға, Қарағанды өңірінде жаңа өндірістерге қажетті инженерлік кадрлар даярлауға негіз қалайды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Алматыда кітап алу үшін кезекке тұрған жастар көпшілікті тәнті етті
- авторОймақ
- 16 қазан, 2026





