Іздеу-құтқару жұмыстары сегізінші күнге жалғасып жатыр.
Жергілікті Detik.com дерегінше, Бандунг қаласының іздестіру-құтқару басқармасының басшысы Аде Диан Пермана ауа райының ашылуы құтқару операциясына қолайлы болғанын айтқан. Оның сөзінше, мәйіттер бірнеше жерден анықталған.
Көшкіндер өткен сенбі күні таңертең Батыс Бандунг округі аумағындағы Чисаруа ауданында болған. Қазіргі уақытта 10 адам әлі де хабар-ошарсыз кеткендер қатарында.
Хабарламада сенбі күні сағат 14:30-дағы мәлімет бойынша, билік 52 қаза тапқан адамның жеке басын анықтағаны, қалған мәйіттерге сараптама жүргізіліп жатқаны айтылды. Құтқарушылар қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, жағдайға қарай тактиканы өзгертіп отырғанын жеткізген.
Айта кетейік, Индонезияда әдетте қазаннан наурызға дейін созылатын жаңбырлы маусымда су тасқыны мен көшкін жиі тіркеледі.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






