сенбі, 31 қаңтар, 2026 18:24

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Астанада сталкингтің сегіз дерегі тіркелді

Астанада сталкингтің сегіз дерегі тіркелді
istockphoto
Полицейлер қаланың барлық аудандарында тұрғын секторға кең ауқымды мекенжайлық тексеру жүргізді.

Астана полициясы "Тұрмыс" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 1000-нан астам отбасын мекенжай бойынша аралады, деп хабарлайды Астана қаласының полиция департаменті.

Полицейлер қаланың барлық аудандарында тұрғын секторға кең ауқымды мекенжайлық тексеру жүргізді.

Полиция бақылауында тұрған отбасыларға, кәмелетке толмағандардың тұрмыс жағдайына, әйелдердің құқықтарының сақталуына, сондай-ақ отбасында бұрын құқыққа қарсы әрекеттерге жол берген тұлғаларға ерекше назар аударылды.

Іс-шара қорытындысы бойынша отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 80-нен астам құқық бұзушылық дерегі анықталды.

"Олардың қатарында отбасылық істер бойынша сот шешімдерін орындамау, ата-аналық міндеттерді тиісінше атқармау, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болуы, алкоголь өнімдерін заңсыз сату, қоғамдық орындарда мас күйде болу, сондай-ақ тіркеусіз тұру фактілері бар", - дейді полициядағылар.

Іс-шара барысында сталкингтің — адамның еркінен тыс қайталанатын және қудалаудың алдын алуға да ерекше назар аударылды. 2026 жылдың басынан бері елордада сталкингтің 8 дерегі тіркеліп, әрбір өтініш бойынша қажетті процессуалдық шаралар қабылданды.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар