Түркістан облысында пиротехниканы дұрыс пайдаланбау салдарынан екі бала жарақаттанды
- авторОймақ
- 26 желтоқсан, 2025
- 34
Жасөспірімдер пиротехникалық бұйымды ересектердің бақылауынсыз пайдаланған.
— Олар әртүрлі дәрежеде жарақаттанып, медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі таңда олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр, — деп хабарлады Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті.
Осыған байланысты Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды, әсіресе ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне бейжай қарамауға шақырады.
— Пиротехникалық бұйымдар — ойыншық емес, оларды пайдалану кезінде белгіленген қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажет. Пиротехниканы кәмелетке толмағандардың пайдалануына қатаң тыйым салынады және оны тек ересектердің бақылауымен және ашық, қауіпсіз аумақта қолдану қажет. Қолданар алдында нұсқаулықты мұқият оқу міндетті. Үй жағдайында немесе адамдар көп жиналған жерде пайдалануға болмайды, — делінген департамент таратқан ақпаратта.
Сонымен қатар, облыс көлемінде 20-31 желтоқсан аралығында «Пиротехника» акциясы өткізіліп жатыр.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 436-бабына сәйкес, елді мекендерде пиротехника қолдануға тыйым салынған. Егер бұл әрекетті 16 жасқа толмаған бала жасаса, жауапкершілік толығымен ата-анаға жүктеледі. Заң бойынша мұндай әрекет үшін пиротехника тәркіленіп, 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






