Шымбұлақтағы мейрамханадағы тіл дауынан кейін екі адамға айыппұл салынды
- авторОймақ
- 26 желтоқсан, 2025
- 49
Алматыдағы Шымбұлақта болған оқиғаға байланысты полиция ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасы мәліметінше, тексеру нәтижесінде жанжалдың тараптардың эмоцияға берілуінен туындағаны анықталған. Қатысушылар кейбір сөздер мен әрекеттер сол сәттегі көңіл күйдің ықпалымен жасалғанын, олардың нақты көзқарасын білдірмейтінін айтқан.
Полиция мәлімдемесінде оқиға кезінде тараптардың бір-біріне жеңіл физикалық әрекет қолданғаны тіркелгені көрсетілген. Кейін олар өзара кешірім сұрап, татуласқанын, болған жағдайға өкініш білдіретінін жеткізген. Сондай-ақ азаматтарды бір-біріне құрметпен қарап, келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешуге үндеген.
Аталған факті бойынша екі адамға да ұсақ бұзақылық дерегімен әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен әрқайсысына 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 78 640 теңге айыппұл салынды.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде Шымбұлақтағы мейрамханалардың бірінде қазақ тіліне қатысты дау шыққаны жөнінде ақпарат тараған еді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





