
BIZ BIRGEMIZ қорының қаражатын жымқыру ісі бойынша барлық жәбірленушілер жарыссөзде сөз сөйледі, - деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
«Барлық жәбірленушілер сөз сөйледі. Одан әрі сот жарыссөзі аясында айыпталушылар мен олардың қорғаушыларының сөз сөйлеуі жабық отырыста жалғасады», – деді судья.
Жабық режимге көшу – журналистер бұл бөлігіне қатысып, айыпталушылар Перизат Қайрат пен оның анасының сөзін жазып ала алмайтынын білдіреді.
Еске сала кетейік, бұған дейін прокурор Перизат Қайратқа 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.