сенбі, 26 шілде, 2025 4:48

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Елордада "Өлең – сөздің патшасы" атты жыр кеші өтті

Елордада "Өлең – сөздің патшасы" атты жыр кеші өтті
Фото: gov.kz
Кеш Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналды.

Хакім Абайдың туғанына 180 жыл толуына орай елордадағы Жастар театрында «Өлең – сөздің патшасы» атты жыр кеші өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz. елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

«Абайдың 180 жылдығына орай 8-10 тамыз аралығында Абай жерінде үлкен той өтеді. Соған қазір республиканың түкпір-түкпірінде ақынның 180 жылдығы аталып жатыр. Осы ретте біз, Қазақстан Жазушылар одағының Астана қалалық филиалы мен Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы бірлесіп, осы кешті ұйымдастырдық. Кешке белгілі ақындар, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері, атап айтқанда, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ғалым Жайлыбай, Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан, ақын Оңайгүл Тұржан, сондай-ақ жас ақындар қатысты. Мұнда олар Абайға арналған және еркін тақырыпта өлеңдер оқиды. Сондай-ақ кеште ақынның әндері шырқалды», – деді Қазақстан Жазушылар одағы Астана қаласы филиалының төрағасы Бауыржан Бабажанұлы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, әдеби кеште 20 мен 70 жас аралығындағы көпке танымал елордалық қаламгерлер өз өлеңдерін қала тұрғындары мен қонақтарына, зиялы қауым өкілдеріне, яғни көрерменге тарту етті.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар