дүйсенбі, 9 маусым, 2025 15:55

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Облыс әкімі демалыс орындарын аралап, сынға алды

Облыс әкімі демалыс орындарын аралап, сынға алды
Фото: gov.kz
Абай облысының әкімі Берік Уәли халық жиі баратын орындарды аралады.

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семейдегі халық жиі баратын демалыс орындарын аралап, аспалы көпірде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz  облыстық әкімдікке сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта облыс орталығының қос жағалауын байланыстырып тұрған аспалы көпірдің асфальт жабынын толық ауыстыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мамандардың айтуынша, асфальт жабынын қырып алу аяқталуға жақын. Ертеңнен бастап көлік өткеліне арнайы материал төсеу жұмыстары басталады. Бұл жұмыс осы саланың білікті мамандарының қатысуымен, көпірлерге арналған технологиялар бойынша жүргізіледі.

Асфальтты ауыстыруға 80-ге жуық жұмысшы және 20-дан астам арнайы техника тартылған. Жоба бойынша жөндеу жұмыстары шілде айының басында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Аймақ басшысы сол жағалаудағы көпір астындағы қоғамдық кеңістікті көрді. Мұнда муралдар бейнеленіп, бірнеше спорттық алаңдар орнатылған. Амфитеатр, фуд-корт және отбасылық мейрамхана бар. Алайда абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары сын көтермейді.
Облыс әкімі Бейбітшілік аралындағы балалар теміржолын, этноауылды, спорт аймақтарын, ескерткіштер орналасқан аумақтарды аралап көрді. Қала тұрғындары мен қонақтары көп келетін демалыс орнында бірқатар мәселе бар. Әсіресе  көгалдандыру жұмысы көңіл көншітпейді. Ағаштар суғарылмай, қурап кеткен. Қараусыз қалған. Қоғамдық дәретханаға, қызмет көрсету орындарының аздығына байланысты халық тарапынан жиі шағым айтылады.
Аймақ басшысы халық ең көп келетін екі демалыс орнындағы көгалдандыру жұмыстарын сынға алып, Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышевқа тазалыққа жауапты мекемелердің жұмысын ретке келтіруді тапсырды.

«Бүгін Семейдегі халық ең көп келетін демалыс орындарын арнайы аралап, жағдайымен таныстым. Сол жағалаудағы көпір астындағы қоғамдық кеңістікті де, Бейбітшілік аралын да тезірек ретке келтіру керек. Тазалыққа жауапты мекеме өз жұмысына салғырт қараған. Ағаштар суғарылмаған. Көгалдар сарғайып, күйіп кеткен. Техникалар адамдар демалып отыратын орындықтарға зақым келтірген. Қоқыс жиналмаған. Бұл екі орын да қаладағы халық ең көп келетін жерлер. Қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышевқа қираған, зақым келген дүниелерді қалпына келтіруді тапсырамын», - деді облыс әкімі.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар