
Мемлекеттік кірістер комитеті жасанды интеллектке негізделген танымал чат-бот ChatGPT әзірлеушісі – америкалық OpenAI компаниясының "Google салығы" аясында тіркелгенін хабарлады, деп жазады Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
2025 жылғы мамыр айынан бастап OpenAI, L.L.C. Қазақстандағы пайдаланушыларға ақылы цифрлық қызметтер көрсететін шартты түрде тіркелген шетелдік жеткізушілер тізіміне ресми түрде енгізілді. Бұл дегеніміз – жеке тұлғаларға қызмет көрсеткені үшін компания Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қосылған құн салығын (ҚҚС) төлейтін болады.
МКК 2022 жылдан бастап Қазақстанда "Google салығы" қолданылатынын және бұл шара цифрлық нарықта жұмыс істейтін трансұлттық IT-компаниялар үшін әділ салық салуды қамтамасыз етуге бағытталғанын еске салды.
ChatGPT – бұл сұраныстарды түсіне алатын, мәтіндер генерациялайтын, хаттармен, аудармалармен, код жазумен, оқумен және тағы басқа көптеген істермен көмектесе алатын интеллектуалды чат-бот. Оны виртуалды көмекші, кеңесші және жұмыс құралы ретінде пайдаланады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.