бейсенбі, 29 мамыр, 2025 4:25

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қол-аяғы жоқ мүгедекті қайыр сұрауға мәжбүр еткен

Қол-аяғы жоқ мүгедекті қайыр сұрауға мәжбүр еткен
islam.kz
Қылмыстық топ мүшелері сотталды

Қарағандыда қол-аяғы жоқ мүгедекті 10 жыл бойы қайыр сұрауға мәжбүрлеген қылмыстық топ мүшелері сотталды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Бұл жайлы Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Анықталған ақпарат

Жәбірленушінің бір күндік табысы 40 мыңнан 100 мың теңгеге дейін жетіп отырған. Оны тырп еткізбеу үшін қылмыскерлер әу баста оның жаңа туған қызын кепілде ұстапты. Табысты жақсы тапқан күні ғана қызымен көрісуге рұқсат беріп келген. Бұл жайлы полицейлер қылмыстық топ серкесінің ізіне есірткі тарату ісі бойынша түскенде кездейсоқ біліпті. Сотқа төрт адам тартылды. Барлығы бір‑біріне жақын адамдар. Ағасы, қарындасы, күйеу баласы мен досы. Олар Николайға өтемақы ретінде 8 миллион теңге төлеуге тиіс.   Әрқайсының өз міндеті бекітілген. Бірінікі жәбірленушінің қайыр сұрайтын орнына шығу, оған бақылау жүргізу. Екіншісі түскен қаражатты алады. Соңғысы тиын-тебенді ірі ақшаға айырбастап, қаражатқа есеп береді екен.

“2015 жылдан бастап төрт қарағандылықтан құрылған қылмыстық топ қайыр сұраумен айналысатын екі мүгедек адамды күш қолданып, қорқытып өз пайдасына жұмыс істеуге мәжбүрлеген. Жәбірленушілер күн сайын тапқан 20-40 мың теңге ақшасын беріп отырған. Сондай-ақ 2023 жылы аталған ұйым мүшесі тергеу изоляторында қамауда отырған кезінде де қысым көрсетуді жалғастырып, жаңа қылмыстық топ құрып, оны сырттай басқарған. Топ мүшелері жәбірленушілерді тағы да мәжбүрлеп қайыр сұратқан.Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілер мен куәлардың айғақтары және сараптама қорытындыларымен дәлелденді.Сот үкімімен қылмыстық топ мүшесінің біреуі 17 жыл және қалған үшеуі 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот олардың кішкентай балалары бар екенін ескеріп, бұл жайтты жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде таныды. Ал 17 жылға сотталған азаматтың бұрын да қылмыс жасағаны анықталып, бұл оның жазасын ауырлатты”, – делінген сот материалында.

Айта кетейік, бұл іс Қылмыстық кодекстің 262- бабы, 1 бөлігі (ұйымдасқан топ құру және оған басшылық ету), ҚК-тің 262-бабы, 2-бөлігі (сот топқа қатысу), ҚК-тің 128-б. 4-бөлігі 1-тармағы (қылмыстық топпен өмiрге және денсаулыққа қауiптi күш қолданып, оны қолдану қатерін төндіру арқылы екі адамға қатысты, олардың материалдық және өзге де тәуелдiлiгiн, көрінеу дәрменсіз күйде екенін пайдалана отырып қанау фактісі) бойынша қаралған.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар