бейсенбі, 29 мамыр, 2025 4:09

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Тегін берілетін дәрілер тізімі жарияланды

Тегін берілетін дәрілер тізімі жарияланды
фото: ашық дереккөз
Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен дәрілер тізбесіне өзгерістер енді.

2025 жылдың 19 мамырында Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен Қазақстан азаматтарының белгілі бір санаттарына тегін немесе жеңілдікпен берілетін амбулаториялық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізбесіне өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде кепілдік берілген тегін медициналық көмектің (ТМККК) шеңберінде науқастарға ұсынылатын препараттардың тізімі жаңарды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап. 

Психикалық және мінез-құлық бұзылыстары

Динамикалық бақылауда тұрған барлық пациенттер үшін тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілер:

рихексифенидил (таблетка);

хлорпромазин (таблетка);

левомепромазин (таблетка);

трифлуоперазин (таблетка);

галоперидол (таблетка, бұлшықет ішіне егуге арналған май ерітіндісі);

клозапин (таблетка);

оланзапин (таблетка);

рисперидон (таблетка, ұзақ әсер ететін бұлшықетішілік суспензияға арналған ұнтақ, ішуге арналған ерітінді);

палиперидон (таблетка, ұзақ әсер ететін бұлшықетішілік суспензия);

диазепам (таблетка);

амитриптилин (таблетка);

венлафаксин (таблетка, капсула);

амисульприд (ерітінді).

Опиоид агонистерімен демеуші ем алатын науқастарға – метадон (пероральді ерітінді) қарастырылған.

Артериялық гипертензия (2–4 қауіп дәрежесі)

Динамикалық бақылаудағы барлық санат үшін берілетін препараттар:

индапамид (таблетка, капсула);

метопролол (таблетка);

бисопролол (таблетка);

амлодипин (таблетка);

кандесартан (таблетка);

эналаприл (таблетка);

периндоприл (таблетка);

периндоприлдің диуретикпен біріктірілген нұсқасы (таблетка);

фозиноприл (таблетка).

Негізгі терапия нәтиже бермеген жағдайда – моксонидин (таблетка) қолданылады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар