бейсенбі, 29 мамыр, 2025 3:11

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Дзюдошы бала Димаштың концертінде өнер көрсетті

Дзюдошы бала Димаштың концертінде өнер көрсетті
фото: скрин
Алматыда Димаш Құдайбергеннің концерті өтті.

Атыраулық жас дзюдошы Бекболат Иса Алматыда өткен Димаш Құдайбергеннің қатысуымен өткен фан-кездесуде көрермендердің жүрегін жаулап, концерттік бағдарламада өнер көрсетті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Бекболат Иса сахнаға күтпеген жерден шығып, ән орындап, көрермендер мен әлеуметтік желі қолданушыларының ыстық ықыласына бөленді.Бұл күтпеген әрі жүрек тебірентерлік өнер көрсетуі көрерменге айрықша әсер еткен. Ол спортзалдағы киманосын, сахнада классикалық костюмге алмастырып "Балқадиша" әнін шырқады. Жас орындаушы көрерменнің жүрегін бірден жаулап алды. Димаш Құдайберген баланың өнеріне қолдау білдіріп, өзінің домбырасын жас талантқа сыйлады.

“Оның қатысуымен түсірілген видео әлеуметтік желілерде тез тарап кетті. Қолданушылар балақайдың батылдығы мен талантына тәнті болып, «Жүректен шырқайды», «Жарайсың, үлкен сахнада сасқалақтамадың», «Бұл — Қазақстанның болашағы», –  деген сияқты пікірлер қалдыруда.

Айта кетейік, Атыраулық жас спортшы Бекболат Иса сахнаға шықпас бұрын-ақ елге танымал болып үлгерген. Оның TikTok-тажай ғана спортзалдағы дзюдо жаттығуын көрсететін видеосы кенеттен танымал болып, көптеген қолданушылардың қызу талқысына түсіп, ризашылығы мен ақ тілектеріне бөленген болатын.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар