
23 мамырда мектеп әкімшілігі тәртіптік ереже бұзды деген себеппен жасөспірімді оқудан шығарған еді. Сол оқушының өзі видео арқылы кінәсін мойындап, кешірім беруді сұрады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.
Қорытынды бағалау кезінде ол телефон қолданғаны, ал мұғалім ескерту жасаған сәтте оқушы ұстазды балағаттағаны айтылған. Осыдан кейін мәселе тәртіптік кеңесте қаралып, оқушы мектептен шығарылды.
Оқушы бұл жағдайға байланысты бейнеүндеу жасап, әрекетіне өкініш білдіріп, бірнеше рет кешірім сұрағанын айтты. Ол мектепте оқуын жалғастыруға мүмкіндік беруді сұрап, қоғамдық жұмысқа немесе басқа да тәртіптік жазаға дайын екенін жеткізді. Оның айтуынша, мұғалімдер мен ата-аналар тарапынан өзіне қатысты жалған ақпарат тараған.
Егер маған осы мектепте оқуымды жалғастыруға мүмкіндік берілсе, тәртіптік жазаға, қоғамдық жұмыстарға баруға немесе басқа да шараларға дайынмын, — деді ол.
Жағдай ушыққаннан кейін белгілі қоғам белсендісі Аида Букаева оқушының денсаулығы күрт нашарлағанын жеткізді. Оның сөзінше, жасөспірім бірнеше күн тамақ ішпеген, жүйке жүйесі сыр беріп, тіпті жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.