сенбі, 19 сәуір, 2025 12:08

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мүмкіндігі шектеулі балалар жәрдемақы алмаған

Мүмкіндігі шектеулі балалар жәрдемақы алмаған
Фото: gov.kz
Бұл туралы  Балқаш қаласының прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Балқаш қаласында мүмкіндігі шектеулі балалардың үйде оқуға жәрдемақы алу құқығы қалпына келтірілді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы  Балқаш қаласының прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Балқаш қаласының прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманың орындалуына талдау жүргізді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 28-бабына сәйкес әрбір азаматқа мүгедектігі бойынша әлеуметтік қамсыздандыруға кепілдік беріледі. Әлеуметтік кодекске сәйкес мүгедектігі бар адамдардың мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алуға, оның ішінде үйде оқытуға жұмсалатын шығыстарының өтелуіне құқығы бар. Талдау барысында Балқаш қаласында үйде оқитын 38 мүгедек баланың 14-інің ата-анасы тиісті жәрдемақы алмайтыны анықталды. Қалалық мәслихаттың шешімі бойынша мұндай өтемақының мөлшері оқу жылына 10 айлық есептік көрсеткішті құрайды (айына 13106 теңге), төлемдер тоқсан сайын жүргізіледі.Тексеру қорытындысы бойынша прокуратура Балқаш қаласының білім басқармасына ұсыну енгізді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде балаларға тиісті төлемдер тағайындалды”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Ал заң бұзушылықтарға білім беру ұйымдарының ата-аналарды жеткілікті түрде хабардар етпеуі себеп болған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар