сәрсенбі, 26 наурыз, 2025 14:23

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстанның үш облысын су басу қаупі бар

Қазақстанның үш облысын су басу қаупі бар
Фото: rutube.ru
Синоптиктер үш облыстың тұрғындарына су басу қаупі туралы ескерту жасады.

Синоптиктер мәліметінше, Жамбыл облысын алдағы екі күн ішінде су басуы мүмкін.

“Жамбыл облысында 24-25 наурыз аралығында ауа температурасының жоғарылауы және жауын-шашынға байланысты таулы және тау бөктеріндегі аудандардағы өзенде су деңгейі көтеріліп, су басуы мүмкін”, – делінген хабарламада. 

Мамандар Қостанай облысындағы Үй өзенінің су деңгейі күрт көтерілетінін мәлімдеді. 

"Ресейдің Троицкий ГРЭС ағындары есебінен өзенге судың жетуіне байланысты Үй ауылында (Қостанай облысы, Федоровский ауданы) су деңгейінің күрт көтерілуі байқалады. Сағат 08:00-де су деңгейі 349 сантиметр, 10:30-да 573 сантиметр болды. Су деңгейінің көтерілуі 224 сантиметр, қауіпті деңгей 800 сантиметр болды", – делінген хабарламада.

Қазгидромет мәліметінше, су деңгейі  одан әрі жоғарылап, қауіпті деңгейден асуы мүмкін.

Алматы облысында да нөсер жаңбырға байланысты өзендерде су деңгейі көтеріледі деген болжам бар. 

"24-26 наурыз аралығында Алматы облысының таулы және тау етегіндегі аудандарында және Алматы қаласының іргелес аудандарында нөсер жаңбыр жауады.  Салдарынан өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін”, – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін ҚазАвтоЖол еріген қар суының салдарынан екі облыста жол жабылғанын мәлімдеген еді. 

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар