сейсенбі, 25 наурыз, 2025 15:49

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстанның Түркиядағы елшілігі үндеу жасады

Қазақстанның Түркиядағы елшілігі үндеу жасады
Фото: РИА Новости
Қазақстанның Түркиядағы елшілігі қазақстандықтарға демонстрациялар мен митингілерге жеке қатысудан аулақ болуды сұрады.

Қалыптасқан жағдайға байланысты халық көп жиналатын орындарға бармауға, шерулер мен митингілерге қатысудан бас тартуға, күшейтілген қауіпсіздік шараларын сақтауға, қырағылық пен сақтыққа, жаңалықтарды қадағалап, биліктің нұсқаулықтарын орындауға және Қазақстан Республикасының Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктерімен байланыста болуға шақырамыз, — делінген елшілік хабарламасында.

Елшілік әлеуметтік желілерде демонстрациялар (митингтер) туралы ақпаратты және ағымдағы оқиғаларға қатысты жеке бағалар мен пікірлерді таратудан бас тартуға шақырды.

Сонымен қатар әлеуметтік желілерде демонстрациялар (митингтер) туралы ақпаратты және ағымдағы оқиғаларға қатысты жеке бағалар мен пікірлерді таратудан бас тартуға аса назар аударамыз, — делінген хабарламада.

Қазақстанның Түркиядағы шетелдік өкілдіктерінің жедел желі телефондары:
1. Қазақстан Республикасының Анкарадағы Елшілігі: +905352734496
2. Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы Бас консулдығы: +905012621465
3. Қазақстан Республикасының Анталиядағы Бас консулдығы: +905394400522
4. Қазақстан Республикасының Измирдегі Бас консулдығы: +905530998789

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар