
Әйгілі боксшы, Олимпиада чемпионы Джордж Форман 76 жасында АҚШ-та дүниеден өтті. Бұл туралы TMZ порталы оның отбасына сілтеме жасап хабарлады.
“Біздің сүйікті Джордж Эдвард үлкен Форман 21 наурызда жақындарының қасында өмірден өтті”, – деп мәлімдеді оның туыстары.
Форман спорттық мансабында көптеген тарихи жетістіктерге жетті. Ол 1968 жылы Мехикода өткен Олимпиада ойындарында алтын медаль иеленді. Кейін кәсіпқой боксқа ауысып, ауыр салмақта WBC, WBA және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанды.
1973 жылы сол кездегі жеңілмеген чемпион Джо Фрейзерді нокаутпен ұтып, алғаш рет әлем чемпионы болды. Алайда 1974 жылы өткен әйгілі “Джунглидегі гүрсіл” жекпе-жегінде Мұхаммед Әлиден сегізінші раундта нокаутпен жеңіліс тапты.
1977 жылы бокстан кетіп, пасторлық қызметке бет бұрғанымен, 10 жылдан кейін рингке қайта оралды. 1994 жылы, 45 жасында Майкл Мурерді жеңіп, тағы да әлем чемпионы атанды. Осылайша, ауыр салмақтағы ең қарт әлем чемпионы ретінде тарихқа енді.
Форман 1997 жылы мансабын аяқтады. Жалпы оның есебінде 76 жекпе-жек, 68 нокауттық жеңіс және 5 жеңіліс бар.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Наурыз есімді 1,5 мыңға жуық адам бар
Ұқсас жаңалықтар
Дональд Трамп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Наурыз мейрамымен құттықтады
- авторОймақ
- 21 наурыз, 2025