
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде 1,5 мыңға жуық адам Наурыз есіміне ие. Олардың басым бөлігі – ер адамдар, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Биылдың өзінде 53 балаға түбірі Наурыз сөзі бар есім қойылған. Наурызбайлар мен Наурызгүлдер ең көп таралған аймақ – Маңғыстау облысы.
Мұнда 282 адам осы есімді иеленген. Бұл атпен Түркістанда – 172 адам, Қызылордада 165 адам өмір сүреді. Ірі қалалар арасында Наурыз есімді азаматтар ең көп тұратын қала Шымкент шаһары. Онда 83 адам бар. Одан кейін Астанада – 62, ал Алматыда 42 тұрғын тұрады. Есім сирек кездесетін өңірлер қатарында Солтүстік Қазақстан, Жетісу және Абай облыстары бар. Еліміздегі ең егде Наурыз есімді азамат 84 жаста. 2023 жылы 9 нәрестеге осы есім берілген. Сондай-ақ республика аумағында Наурыз атты 119 полицей қызмет етеді. Оның төртеуі – нәзікжанды.
Бұл есім сирек кездесетін өңірлер қатарында Солтүстік Қазақстан, Жетісу және Абай облыстары бар. Еліміздегі ең егде Наурыз есімді азамат – 84 жаста. 2023 жылы 9 нәрестеге осы есім берілген. Сондай-ақ республика аумағында Наурыз атты 119 полицей қызмет етеді. Оның төртеуі – әйел адам.
Елімізде 30 жылда мыңнан астам Наурыз есімді бала дүниеге келген. Бұл статистика Наурыз мерекесінің дәрежесі нығайып келе жатқанын айқын көрсетеді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.