жексенбі, 23 наурыз, 2025 20:48

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Олигарх Александр Машкевич қайтыс болды

Олигарх Александр Машкевич қайтыс болды
ERG баспасөз қызметі Александр Машкевичтің денсаулығы жайлы пікір білдіруден бас тартқан еді.

Eurasian Resources Group (ERG) және Еуразиялық қаржы компаниясының (ЕҚК; Еуразиялық банк пен басқа да қаржы активтеріне иелік етеді) тең иесі Александр Машкевич қайтыс болды, деп хабарлайды  Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

2023 жылы БАҚ-та Машкевичтің денсаулығына қатысты ақпарат тарай бастады. Мәселен, nege.kz мәліметіне сәйкес, миллиардер ми ісігін алып тастау бойынша операция жасатқан. ERG баспасөз қызметі Александр Машкевичтің денсаулығы жайлы пікір білдіруден бас тартқан еді.

Бизнесмен ERG-ді көптен бергі серіктестері Патох Шодиев және Ибрагимовтар отбасымен, сондай-ақ Қазақстан үкіметімен бірге басқарды. ERG ресми сайтындағы ұйымдық құрылымға сәйкес, Машкевич, Шодиев және Ибрагимовтарға компания акцияларының «шамамен 20%-ы» тиесілі. Ал қалған 40%-ына Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі иелік етеді.

ERG құрамына «Қазхром», Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі, «Қазақстан алюминийі», Қазақстан электролиз зауыты және басқа да активтер кіреді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар