Ақтөбеде оқушы көпірден секірмек болған: полиция құтқарып қалыпты
- авторОймақ
- 4 маусым, 2024
- 284
Оны полиция қызметкері құтқарып қалды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Ulysmedia.kz.сайтына сілтеме жасап.
3 маусымда полицияға Сазды өзеніндегі көпірдің астында жасөспірім қыздың отырғандығы туралы хабарланды. Ол жерге дереу учаскелік полиция инспекторы Фархат Нұрманов жіберілген.
Полиция қызметкері өзенге киімімен секірген баланы көріп, көмекке жүгірді. Учаскелік полицей 13 жастағы қызды өзеннен құтқарып алды. Жәрдемге жеткен әріптестері оны жағаға шығарысты.
Қыздың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Психологтар мен полицейлер жасалған әрекеттің себебін анықтауда. Тексеру жүргізіліп жатыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
"Қойшы баланы" емес, "жылқышыны" баптап жүр
Ұқсас жаңалықтар
«Отбасы мен мұғалім – табыстың кілті!» атты аудандық іс-шара өтті
- авторОймақ
- 2 желтоқсан, 2024