жұма, 20 қыркүйек, 2024 13:02

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Қойшы баланы" емес, "жылқышыны" баптап жүр

"Қойшы баланы" емес, "жылқышыны" баптап жүр
фото: ашық дереккөз
Әншінің айтуынша,  «қойшы бала» ештеңе түсіндірместен бір күнде кетіп қалған.

Әнші Жігер Ауыпбаев өзі сахнаға шығарған «қойшы баламен» араласпай кетіпті. Ол жайында әнші   «ХабарLike» бағдарламасына берген сұхбатында айтты. 

Оның айтуынша, қазір «бала қазір өтпелі кезеңде».

Қазір Жігер Ауыпбаев басқа бір балаға ұстаздық етіп жүргенін айтты. Оның есімі Мұрат. Жылқы бағады. 

"Әзірге ашып айтпай-ақ қояйын. Бәлкім, уақытша нәрсе шығар деп ойлаймын. Себебі мен «қойшы баланы» үш жыл бұрын жайлаудан Алматы қаласына алып келіп, үйімнен орын беріп, мектебін жайғастырып, оқуын реттеп, продюсері болмасам да ұстазы ретінде қайда барсам бірге ертіп жүрдім. Ол менің балам емес, ата-анасы бар дегендей. Бірақ неге олай болғанын өзім де түсінбей қалдым. Себебі алда үлкен жоспарлар бар еді. 11-сыныпты бітіртіп, одан кейін оқуына дайындап жатқан болатынмын. Өкінішке қарай, осылай болып тұр. Бала қазір өтпелі кезеңде жүр. Бәлкім, өз қалпына келгеннен кейін оралар. Менің қанатымның астына өткеннен кейін үш айдан кейін өтпелі кезеңі басталды. Мінезі өзгере бастады", – дейді әнші. 

Әншінің айтуынша,  «қойшы бала» ештеңе түсіндірместен бір күнде кетіп қалған.

"Мен продюсер деген сөзге қарсымын. Қолымнан келгенше кез келген қазақ баласына қолдау білдіргім келеді. Өзімізде ауылдан шыққасын, тасадағы таланттардың бағын жағуға тырысамын. Райымбек ауданында ән сапармен барғанда қойшы баланы таптым. Енді өнерге қосамын деп жатқанымда кетіп қалды. Қаншама жоспарлар қалды. Ештеңе айтпастан бір күнде кетті. Содан жылқышы балаға көзім түсті. Қазақ өнерін биікке көтеретін мықты маман болатынына сенімдімін", – дейді әнші  сұқбатында. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар