Stopfake.kz мәліметінше, бұл жарияланым – фейк,оған сенудің қажеті жоқ.
"Жарнамадағы сілтеме Ұлттық қордың жалған сайтына апарады. Онда 2020-2029 жылдарға арналған азаматтарға өтемақы төлеу жобасы туралы жаңалық жарияланған.Олар салық аударымдарына, жұмыс өтіліне, өткен жылдағы сатып алу қабілетіне және шығындарға негізделген. Өтемақы мөлшерін тексеру үшін пайдаланушы өзінің ЖСН-ін теруге тиіс. Жалған сайттарда жеке ақпаратты қалдырмаған жөн. Алаяқтар оны өз пайдасына пайдаланады", – деп жазылған Stopfake.kz сайтында.
ҚР Ұлттық қорының ресми сайты жоқ.
Төлемдер бойынша барлық ақпарат Үкімет пен Ұлттық банктің порталдарында жарияланады.
Ресми ақпарат көздерінде 2020-2029 жылдарға арналған азаматтарға өтемақы төлеу жобасы жайында хабарланған жоқ.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.