Ақмола облысында ауыр қылмыс жасаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.
Еске сала кетсек, Ақмола облысы Ынтымақ ауылында 14 жастағы қыз пышақ жарақатынан қайтыс болған еді.
Күдікті бір тәулікке жетпей Целиноград ауданы Родина ауылының маңында ұсталды.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу шаралары жалғасуда, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.
Құқық қорғау органдары күдікті заңның барлық талабына сәйкес қатаң жазаға тартылатынын мәлімдеді.
– Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа барынша қатаң түрде тосқауыл қойылады, ешқандай аяушылық болмайды, – делінген ресми хабарламада.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






